Қазақ-қырғыз одақтастығы нығая түсті
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық одан әрі нығая түсті.
Бұл туралы Шолпан Атаға ресми сапармен барған Қазақстанның Премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесуінде айтылды. Көрші елдің басшысы екіжақты серіктестіктің қарқынды дамып жатқанына оң бағасын берді. Ал Мұрат Нұртілеу Қазақстанның бауырлас Қырғызстанмен ынтымақтастықты жан-жақты нығайтып, кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Айта кетейік, Қазақстан Сыртқы істер министрі Шолпан Атаға Қырғызстанның шақыруымен барды.
Мұрат Нұртілеу, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі:
- Күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бүгін шешімін тауып, елдеріміз бұрынғыдан жақындаса түсуде. Осы мүмкіндікті пайдаланып Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың өзіңізге жолдаған дұғай сәлемін ең ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіз. Мемлекет басшысы және қазақ елі сіздің екі жақты қатынасты дамытудағы үлкен үлесіңізді жоғары бағалайды.