Президент Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Басқосуда аймақ елдері ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланды. Бұл кездесу Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясының ашылу салтанатына дейін өтті.