Олжас Бектенов «Росатом» басшысымен кездесті
Премьер-министр Олжас Бектенов «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесу өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Корпорация басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр станциясы құрылысының басталғаны туралы мәлімдеді. Кездесу барысында отандық құрал-жабдықтардың қолданылуы, кадрлық әлеует пен тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Ядролық отын циклі үрдісін аймақтандыру жайы да қаралды. Сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік әріптестерді біріктіретін халықаралық консорциум құрудың тәжірибелік тұстары назарға алынды. Ресей тарапы атом электр станциясы құрылысының шеңберінде кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан мен басқа елдердің жеткізушілерімен бірлесе жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. Ал Үкімет басшысы атом электр станциясының құрылысы Мемлекет басшысының бақылауында екенін, тиісінше, жобаны жүзеге асыруға қажетті барлық жағдайы жасалатынын айтты.