Сарапшы: Армения мен Әзербайжанның бітімге келуі – саяси жеңіс
Кавказ елдерінің қырын қабақ болуы тұтас ТМД елдеріне салқынын тигізеді.
Ал Армения мен Әзербайжанның бейбіт бітімге келуі осы аймақтың экономикалық дамуына ықпал етеді. Атап айтқанда, Әзербайжанның Зангезур дәлізі ашылып, көлік-логистикалық қатынас өрбиді. Яғни Транскаспий көлік дәлізімен жалғанып, Шығыс пен Батыс арасындағы алыс-берісті еселеуге жол ашады, дейді сарапшылар.
Уәлихан Бахретдинов, саясаттанушы:
- Осы Транскаспий маршрутының ашылуы және де сол Зангезур коридоры Транскаспий маршрутын Әзербайжан, Армения территориясы арқылы жалғайтын болады. Әрине бұл жүк тасымалының санын еселеуге жол ашатын керемет бастама.