Президент Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасын қабылдады

Қазақстан мен Өзбекстанның стратегиялық ынтымағы айрықша сипатта өрбіп келеді.

Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының төрағасын қабылдаған Президент солай деді. Сондай-ақ Танзила Нарбаеваның халықтар арасындағы достық пен татулықты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Қасым-Жомарт Тоқаев бауырлас Өзбек елімен бірлікті күшейтуге мән беретінін айтты. Өйткені, Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауда маңызды фактор саналады. Танзила Нарбаева Президент Шавкат Мирзиёевтің сәлемін жолдап, қол жеткен уағдаластықтар жеке бақылауында екенін жеткізді. Тараптар парламентаралық дипломатия, сауда-экономикалық және инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақ жайын талқылады. Мемлекет басшысы орайлы сәтті пайдаланып, әріптесі Шавкат Мирзиёевке жылы лебізін жолдады. Бұдан соң  Қасым-Жомарт Тоқаев екі жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге сіңірген еңбегі үшін Танзила Нарбаеваны II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.