Қытай ШЫҰ саммитіне дайындалып жатыр

ШЫҰ-ның саммиті биыл 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтеді.

Оған 20-дан астам елдің басшылары мен 10-ға жуық халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Мұнда қала инфрақұрылымы жаңартылып, тарихи аудандар абаттандырылды. Жаңа саябақтар ашылды. Көшелерге ту орнатылып, гүлмен көмкерілген. Жолдар, көпірлер жөнделіп, жарықтандыру жүйесі жетілдірілді. Айта кетейік, ШЫҰ-ның XXIV саммиті былтыр шілдеде біздің елде өткен болатын. Онда жаһандық бірлік, энергетика саласын жетілдіру және ақпараттық қауіпсіздік сияқты өзекті мәселелер қаралып, маңызды келісімдер жасалды.