Ақордада Король ІІ Абдалланы салтанатпен қарсы алу рәсімі өтті

Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнді салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Король ІІ Абдалла бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды. Содан соң Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз өтетін залға барды.