Ата заңда әділдік, ашықтық, есептілік пен жауапкершілік қағидаттары көрініс тапты

Сондай-ақ Мемлекет басшысы елде жүргізілген ауқымды реформаларға да тоқталды.

Мәселен, 2022 жылғы реформа – Қазақстанның конституциялық құрылымы тарихындағы ең мазмұндысы еді. Оны қолға алуға сол кезеңдегі өте күрделі саяси жағдай себеп болды. Референдумда Ата заңға түзету енгізумен шектелмей, конституцияның жаңа жобасын дауысқа салу туралы ұсыныстар айтылған. Алайда Президент бұрынғы қабылданған реформалаумен шектеліп, оның негізгі мән-мазмұнын сақтау туралы шешімге келді. Нәтижесінде Конституция баптарының үштен бірі жаңартылды. Бұл реформа ауқымының айқын көрсеткіші. Біраздан бері көптің көкейінде жүрген әділдік, ашықтық, есептілік пен жауапкершілік қағидаттары Ата заңда көрініс тапты, деді Мемлекет басшысы.