Нарендра Моди Қазақстанмен ынтымақтастықтың маңызын атап өтті
Қазақстан мен Үндістан көптеген маңызды салаларда тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Бұл жайында Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазба қалдырды. Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен өткен мазмұнды пікір алмасу туралы айтқан. Біздің елдеріміз энергетика, қауіпсіздік, денсаулық сақтау және фармацевтика сияқты көптеген маңызды салаларда тығыз байланыс орнатқан, деді Нарендра Моди.