Қытайда ШЫҰ саммиті аяқталды

Қытайдың Тяньцзинь қаласында өткен ШЫҰ саммиті аяқталды. Мемлекет басшысының сапары ертең Бейжіңде жалғасады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ-қытай іскерлік кеңесіне қатысып, көрші елдің ірі компаниялары басшыларымен кездесу өткізеді. Сонымен қатар Қазақстан мәдени орталығының ашылу рәсіміне барады.