Атом энергетикасын дамыту мәселесі талқыланды
Екіжақты Іскерлік кеңесінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинмен атом энергетикасын дамыту мәселесі де егжей-тегжейлі талқыланғанын айтты.
Қазір Атырау облысында қытай компаниясымен берлесіп, полиэтилен шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта тағы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жедел жаңғыртудан өткізу жоспарланып отыр. Мемлекет басшысы Қазақстанның атом энергетика саласына қытай технологиясын тартуға және осы бағытта білікті мамандар даярауға мүдделі екенін жеткізіп, саладағы ынтымақтастық мәселесін сөз еткен. Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикадағы бірлескен жобалардың барлығы біздің өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтатынына сенім білдірді.