Парламенттің IV сессиясы ашылды

8-шақырылым Парламент депутаттарының 4-сессиясы ресми түрде ашылды.

Биыл жаңа саяси маусымның басталғанын мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов хабарлады. Себебі Президенттің Қытайға ресми сапары өтіп жатқандықтан аталған құзырет арнайы заңға сәйкес төменгі палата спикеріне тапсырылған. Сонымен ол қысқа қайырып, 8 қыркүйекте Парламенттің бірлескен отырысы өтетінін айтты. Сол кезде Мемлекет басшысы халыққа Жолдауын жариялап, жаңа міндеттер жүктейтінін жеткізді. Ал депутаттар демалумен қатар 2 ай үзілісте елді аралағаны да белгілі. Жұртшылықты алаңдатқан мәселені арқалап, енді Парламент отырыстарында ақтарып салмақ. Олар түйген түйткілдерден бір үзік.

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кәсіпкерлік субъектілері ғана жеңілдетілген несие алады. Оның өзі банктер 21 пайызбен берсе несиені, ал «Даму» қоры арқылы, «Бәйтерек» арқылы оларды субсидиялап, 8 пайызға дейін түсіреді. Яғни, осы субсидияға жылына 300 млрд қаражат жұмсайды. Бұл субсидиялар банктерді қолдауға арналған деген сөз. Сондықтан қазір банктерді емес, кәсіпкерлік субъектілерге жеңіл несие беруді қарастыру керек.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізге керек дәрі-дәрмектер Қазақстанда болу. Оны денсаулық сақтау министрлігі тізіміне кіргізбесе, бүкіл мемлекет емдеп жүрген дәрі болуы мүмкін сол біздің ауруханаларға қолжетімді болуы үшін жаңағы тізімде болу керек. Міне сол тізімге кіргізу рәсімі өте күрделі. 5-6 жыл. Біз 1 айда әлемде қолданылып жатқан дәрілер Қазақстанда қолданылу керек. Осындай маңызды бастамалар бар.