Мемлекет басшысы CRRC директорлар кеңесі төрағасымен кездесті
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 100 магистральді және 100 маневрлі тепловоз жеткізу жөнінде келісім жасады.
Сонымен қатар, алдағы уақытта тағы 270 гибридті маневрлі тепловоз сатып алу жоспарланып отыр. Бұл жайында Мемлекет басшысы мен CRRC директорлар кеңесі төрағасы Сунь Юнцаймен өткен кездесуде мәлім болды. Әңгімелесу барысында Президент теміржол машиналарын шығаратын әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі саналатын CRRC-мен ұзақ жылдар бойы қалыптасқан серіктестікті жоғары бағаламенды. Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі басты мақсат – тек тепловоз сатып алу емес, елімізде локомотив өндірісін жолға қою және сервистік орталықтар ашу екенін айтты.