Заңсыз активтерді қайтару комитетінің атауы өзгереді

ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті енді Инвесторлар құқығын қорғау комитеті деп аталады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Активтерді қайтару комитетін қайта құру жөнінде тапсырма берді. Енді ол Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті деп аталатын болады.

«Қазір инвестиция тарту - біздің ең басты міндетіміз. Жаңа министрлік құрудың қажеттілігі жоқ. Алайда бірде-бір мемлекеттік органның атауында «инвестиция» деген сөздің жоқтығы көзге айқын түседі», - деді Мемлекет басшысы.

Президент премьер-министр Олжас Бектеновке 10 күн ішінде осы мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында айтты.