Конституциялық сотқа 11 мыңнан астам өтініш түскен

Конституциялық сотқа 2,5 жыл ішінде 11 мыңнан астам өтініш түскен. Нәтижесінде ведомства судьялары 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеп, 300-ден астам шешім қабылдады. Бұл туралы Президенттің қабылдауында болған Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова мәлімдеді.

Оның айтуынша, Заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылды. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілді. Орган азаматтарға тегін кеңес беру ісінде де белсенді. Мыңнан астам адам консультация алған. Кездесуде Президент Конституциялық сот азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға кепіл болуға тиіс екенін айтып, сот органының құқықтық ұстанымдарын дәйекті түрде іске асыру маңыздылығына тоқталды.