О. Бектенов Ресей үкіметі төрағасының орынбасарымен кездесті
Биылғы қаңтар-маусым аралығында Қазақстан мен Ресейдің тауар айналымы 12 миллиард долларға жетті. Алдағы уақытта өзара сауданы 30 миллиард долларға жеткізу үшін жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады.
Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесіп, арадағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кездесуде цифрландыру, инновация, спорт және туризм секілді екіжақты серіктестік те сөз болды.