КДР мен Қазақстанды не байланыстырады?

Конго Демократиялық Республикасы мен біздің елді не байланыстырады?

Халықаралық қатынастар саласындағы зерттеушілер бұл сұрақтың жауабын саралап көрді. Айтуларынша, екіжақты серіктестіктің даму әлеуеті Конгодағы ішкі саяси жағдайға тікелей байланысты. Қазір онда геосаяси жағдай тұрақталған. Осы қолайлы ахуал серіктес мемлекеттермен қарым-қатынасын дамытуға мол мүмкіндік беріп отыр. Конго Демократиялық Республикасы қазба байлықтарына бай, тропикалық белдеуде орналасқан африкалық ел.

Қайрат Беков, Халықаралық қатынастар саласындағы зерттеуші:

- Территориясы, халқы, қазба байлықтары, жалпы орналасқан жері яғни Африканың тропикалық белдеуіндегі Конго өзенінің бәрін ескеретін болсақ, Африкадағы ең бай мемлекет бола алатындай жағдайы бар. Ішкі жағдай тұрақтанатын болса, екі ел арасындағы қарым-қатынас өте жақсы дамуы мүмкін. Ең қызықты саласы кен байлықтары, сирек металдар. Қазақстандық компаниялар, тауарлар үшін ол жерде мүмкіндіктер өте көп, өйткені халқы жағынан да территориясы жағынан да үлкен мемлекет.

Сондай-ақ кейінгі 3 жылда Ақорда Руанда, Нигерия, Оңтүстік Африка республикасы, Того, Гвинея-Бисау мемлекеттерінің көшбасшыларын қабылдады. Бүгін бұл тізімді Конго демократиялық республикасы толықтырып отыр. Сарапшылар Қазақстан Африка құрығымен сыртқы саяси ықпалдастығын арттыруының себебін оңай түсіндіреді: бүгінде 1,5 млрд халқы бар құрлық - жаһандық даму орталығы санала алады.

Таисия Мармонтова, саясаттанушы:

- Қазақстанның тәжірибесі Конгоға сөзсіз қажет. Біздің ел ірі халықаралық алаңдарда ықпалдастық орнатса, бұл қатарда Африкалық мемлекеттер де бар. Сол секілді Біріккен ұлттар ұйымы, Африкалық Одақ, БРИКС ұйымы аясында да саяси-дипломатиялық ынтымақтастығымыз нығаюда.