Қазақстан мен Германия ынтымақтастығы арта түседі

Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық арта түседі. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Германия Федеративтік Республикасының экономика және энергетика министрі Катерина Райхенің онлайн кездесінде айтылды.

Тараптар өнеркәсіп, энергетика, сауда, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы  саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесін талқылады. Роман Скляр қазір қос ел арасында шикізат, өнеркәсіп және технологиялар бойынша байланыс мығым. Ал  Катерина Райхе Қазақстанмен энергетика және ресурстар саласындағы ынтымақтастық Германия экономикасы үшін ең қажет бағыттардың бірі деп атады. Келіссөз барысында  Роман Скляр, Катерина Райхені Астанаға сапармен келуге шақырды.