Қ.Тоқаев Монако басшысын елге шақырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монако Князьі ІІ Альбермен кездесті, деп хабарлайды 24kz.
Президент екі ел арасындағы қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтіп, серіктестікке серпін беруге мол әлеует бар екеніне тоқталды. Сонымен қатар, Князь ІІ Альберді елге ресми сапармен келуге шақырды. Одан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.