Қ.Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарашада Ресейге мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды 24kz.

Қарсы алушы тарап қызу дайындық үстінде. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен медиафорумда Ресей Федерациясы президенті әкімшілігі басшысының орынбасары – Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты.

Дмитрий Песков, РФ президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Ресей президентінің баспасөз хатшысы:

- Біздің саясаткерлер, парламент, бұқаралық ақпарат құралдары осы сапар қарсаңында жұмыла жұмыс істеп жатыр. Өйткені жауапкершілік үлкен әрі біз бұл сапарды тағатсыздана күтудеміз. Жоғары деңгейдегі байланыстардың нәтижесі құжат жүзінде көрініс табарына сеніміміз мол. Барлығы жемісті өтеді деп үміттенеміз. Ол үшін біз, қабылдаушы тарап ретінде, қолдан келгенді жасауға әзірміз.