О. Бектенов Финляндия президентімен келіссөз жүргізді
Финляндия президенті Александр Стубб Қазақстанның инвесторларға қолайлы жағдай жасау бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына оң баға берді. Бұл пікірін ол Премьер-Министр Олжас Бектеновпен келіссөз барысында айтты.
Мейман елімізбен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін де жеткізді. Келіссөздер барысында сауданы одан әрі ұлғайтуда, оның құрылымын әртараптандыруда, сондай-ақ экономиканың негізгі секторларына жаңа технологиялар енгізуде елеулі әлеует бары аталып өтті.
Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, соның ішінде көлік саласына қатысты логистикалық орталықтар, экспортқа бағдарланған өндірістік алаңдар және тағы да басқа нысандар салу жөніндегі жоспарлар талқыланды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.