Мемлекет басшысы Бейжің Тіл және мәдениет университетінің президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада аталған университет филиалының ашылуы нәтижелі қазақ-қытай ынтымақтастығының жоғары деңгейін көрсетеді деп санайды.
Сондай-ақ бұл гуманитарлық байланысты нығайтып, елдер арасындағы зияткерлік қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал ететініне тоқталды.
Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын дамыту, ғылым-білім саласында ықпалдастық орнату, білікті қытайтанушы-лингвистерді даярлау мәселелері талқыланды.