5 жылда 3 мыңға тарта ауыл әкімі сайланды

Бүгін Астанада ауыл әкімдерінің форумы басталады, деп хабарлайды 24KZ. Жиынға Президент қатысады.

Қазіргі уақытта ауыл басшыларын халық өзі сайлайды. Соның бір жемісі ауыл әкімдерінің корпусы 100% жаңарды. 17 өңірде 3429 әкім сайланды. Оның 790-нан астамы өзін-өзі ұсынғандар. Қайта сайланған әкімдердің 345-і әйел. Әйтсе де қазіргі ауыл басшыларының жартысынан көбі бұрын мемлекеттік қызметте істемеген. Олардың қатарында мұғалім, дәрігер, шаруа, кәсіпкерлер бар. Жергілікті әкімдердің дені 40-тан асқан.