Президент Ашхабад қаласына барады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барады.
Сапар 11-12 желтоқсанға жоспарланған. Бұл туралы Ақорданың телеграм каналы хабарлады. Онда Президенттің Ашхабад қаласында өтетін Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысатыны айтылған.