Президент «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» заңға қол қойды
Мемлекет басшысының Жарлығымен азаматтардың құқықтық тәртібі мен қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың профилактикасы туралы» Заңы қабылданды.
Құжат профилактика субъектілерінің, мүлік иелері бірлестігі төрағаларының, кәсіпкерлердің және басқа да азаматтардың құқықтары мен рөлін нақты айқындайды. Бұл алдын алу шараларын қабылдау кезінде тиімді өзара іс-қимыл мен әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ерекше назар құқық бұзушылық жасауға бейім адамдарға жазалау шараларын қолданбай жұмыс жүргізуге аударылған.