Ұлттық құрылтай: Президент бастамалары
Құрылтай отырысында Президент елеулі бастамалар көтерді. Соның бірі елдің саяси жаңғыруына қатысты.
Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Парламентті «Құрылтай» деп атауды ұсынды. Сондай-ақ вице-президент лауазымын енгізу қажет деп санайтынын да жеткізді. Ұлттық құрылтай мен Қазақстан халқы Ассамблеясы таратылып, оның орнына Халық кеңесін құру бастамасы көтерілді.
Кеңес құрамы барлық этнос, түрлі санаттар мен аймақтардың 126 өкілінен жасақталады. Мүшелерді Президент тағайындайды. Ал төрағаны мүшелер сайлайды. «Халық Кеңесіне заң шығаруға бастамашылық ету құқығы берілуге тиіс. Бұл қадам оның мәртебесін айтарлықтай арттыратыны сөзсіз. Жылына кемінде бір рет шақырылатын сессия Халық Кеңесінің жоғары органы рөлін атқарады», - деді Президент.