Президент Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Комиссияны Конституциялық Сот Төрағасы Эльвира Әзімова басқарады. Комиссия құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері Ғазиз Әбішев, Қарлығаш Жаман-құлова, танымал заңгерлер қатарынан Виктор Малиновский, бизнес-қауымдастық тарапынан Рустам Қарағойшин, қоғамдық бірлестік өкілдерінен Рауан Кенже-ханұлы, сарапшы Марат Ши-бутов және тағы басқалары кірді. Конституциялық комиссияның құрамына, Парламент депутаттары, мәслихаттардың төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, өңірлердегі қоғамдық кеңес-тердің, сарапшы және ғылыми қоҒамдастықтардың өкілдерінен құралған 120-дан астам адам кіреді. Кеңес құрамын жасақтауда, барлық өңірлер қамтылып, гендерлік теңгерім сақталды. Комиссияның міндеті, Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау.