Президент Алматы қаласының әкімін қабылдады

Мемлекет басшысына қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы, сондай-ақ негізгі қала құрылысы мен инфрақұрылым жобаларының жүзеге асырылуы туралы баяндалды.

Дархан Сатыбалды: 

Былтыр қысқа мерзімді экономикалық индикатор 12,8 пайызға көтерілгенін айтты.

✔️Мемлекет бюджетіне 6,6 триллион теңге салық пен міндетті төлемдер түскен.

Қаланың бірнеше орталығын дамытуға бағытталған жаңа стратегиялық бастамаларды таныстырды. 

✔️Аталған тұжырымдама аясында заманауи IT-инфрақұрылым, көпфункционалды іскерлік кешендер, сондай-ақ тұрғындардың демалысы үшін абаттандырылған рекреациялық аймақтар жасақталады. Яғни бұл жұртшылық жиі баратын орындарға айналады.

Алматы қаласының заманауи көлік жүйесін қалыптастыру жөнінде мәлімет берді.
 
✔️Жүрдек қоғамдық көлік жүйелерін дамыту тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, қаланы орнықты дамытудың негізгі факторы болмақ.

Алматының Бас жоспарында ауаның еркін айналымын қамтамасыз етуді, шаһардың жоғары және орталық бөліктеріндегі шамадан тыс тығыз құрылысты тежеуді, сондай-ақ жасыл желектің аумағын үш есеге – 3 800 гектарға дейін ұлғайтуды көздейтін шешімдер қарастырылғанын жеткізді.

2025 жылы қала көшелері сапалы жарықтандырылып, қуаты екі есе артқаны жөнінде баяндады. 

✔️Бұдан бөлек, қаланы абаттандыру, көгалдандыру, қоғамдық кеңістіктерді безендірудің бірыңғай стандартына сәйкес саябақтар мен көшелерді жаңғырту шаралары жоспарланған.

Алматы тау кластері жобасын дайындау жайында есеп берді. 

✔️Қазіргі кезде «Медеу» базалық станциясы арқылы «Шымбұлақ» және «Ой-Қарағай» курорттарын біріктіруді көздейтін техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жұмыстары аяқталып қалды.

✔️Аталған жобаны жүзеге асыру нәтижесінде аспалы жолдардың саны 16-дан 62-ге дейін көбейеді, тау шаңғысы трассалары 250 шақырымнан аса ұзарады, ал демалыс аймақтары тәулігіне 40 мың адамға дейін қабылдай алатын деңгейге жетеді.

Мемлекет басшысы:

 📌Алматы қаласының экономикасын одан әрі әртараптандыру, экологиялық жағдайын жақсарту, қаланың орнықты көлік және туристік инфрақұрылымын қалыптастыру, сондай-ақ қала ортасының сапасы мен тұрғындардың тұрмыс деңгейін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.