Президент: «Еріктілер қозғалысына ерекше мән беремін»
Мемлекет басшысы еріктілер қозғалысына ерекше мән беретінін айтты. Сосын «Сіздер «Адал азамат» деген атқа лайықты істерді атқарып жүрсіздер», - деп түйді.
Бұл Абай айтқан «толық адам» болудың бір шарты екенін жеткізіп, жұртқа жақсылық жасау, шапағатыңды тигізу қайырлы іс екенін атап өтті. Жақыныңа жанашыр болу, табиғатты аялау адамгершіліктің белгісі.
Бабалар да әрдайым ынтымақ пен бірлікті сақтап, тату-тәтті өмір сүруді ұрпағына өсиет еткен. Осы ретте волонтерлер сын сағаттарда сынбады. Пандемияда дәрігерлерге, тәртіп сақшыларына, мұғалімдерге, мұқтаж жандарға көмектесті. Алапат тасқын кезінде де еріктілер құтқарушылармен бірге ортақ іске атсалысты. Апат күндері 50 мың волонтер табанды жұмыс істеді. Жалпы, мұндай мысалдар аз емес.