«Референдум-2026» онлайн-марафоны басталды

Марафон сағат тоғызда басталып, түнге дейін жалғасады.

Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта көпшілікке ұсынылады. 

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

-Қазір «Қазмедиа орталығының» үлкен залындамыз. «Референдум – 2026» онлайн-марафоны жаңа ғана басталды. Марафон 15 сағатқа созылады деп жоспарланған. Медиажоба аясында әріптестеріміз күні бойы ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның барысын жан-жақты қамтып, ақпарат таратады. Барлығы тікелей эфирде өтеді. Мұнда референдум күнінің негізгі сәттерін, қоғам пікірі мен сарапшылар көзқарасын көрерменге ұсынады. Наурызнама онкүндігі аясында өтетін марафон тек ақпараттық шара емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, жаңа идеялар мен технологиялық бастамаларды таныстыратын бірегей алаң болмақ. Марафон аясында 5 алаң жұмыс істейді. Сахнада қоғам қайраткерлері, өнертапқыштар, қайырымды ісімен танылған азаматтар өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасады. Кейін марафон концерттік бағдарлама ұсынылады деп жоспарланған. Біз де осы алаңда жұмыс істеп, еліміздің маңызды саяси оқиғасына қатысты ақпаратпен бөлісіп отырамыз.