Алматыда әлеуметтанушылар сауалнама жүргізіп жатыр
Алматыда рефрендум учаскелерінде Exit poll сауалнамалары жүргізілуде.
Сұхбат алушылар дауыс берген азаматтарға бірнеше сұрақ қояды. Соның ішінде жаңа Конституция жобасына көзқарсыңыз бен референдумда берген жауабыңызды анықтайды. Барлығы анонимді түрде өтеді. Дауыс берушілерді ешкім міндеттемейді. Сондықтан сауалнамаға қатысу азаматтардың өз еркінде. Берілген анонимді жауаптар арқылы әлеуметтанушылар алдын ала қорытынды шығарады. Exit poll әдісі әлемдік тәжірибеде кең қолданылады. Елде бұндай сауалнаманы 7 ұйым ғана жүргізе алады.
Данияр Жақсыбеков, сауалнама жүргізуші:
- Біз 18 жасқа толған, дауыс беріп шыққан Қазақстан азаматтарынан сауалнама аламыз. Жиналған ақпарат тек зерттеу мақсатында пайдаланылады. Алматылықтардың кейбірі жеке келсе, кейбірі отбасымен бірге келіп дауыс беруде. Біздің де сұрақтарымызға ықыласпен жауап беріп жатыр.