Опера әншісі Майра Мұхамедқызы да өз таңдауын жасады

Ел келешегіне әсер ететін шешуші сәтте әйгілі опера әншісі Майра Мұхамедқызы да өз таңдауын жасады. Ол Шымкенттегі Опера және балет театрында орналасқан учаскеде дауыс берді.

Өнер иесінің айтуынша, «Референдум – ел үшін маңызды саяси науқан. Сондықтан әрбір адам атсалысып, дауыс беруі керек». Ал №11 учаскеде шығармашылық ұжым келушілер үшін ән шырқап, би биледі.

Майра Мұхамедқызы, қалалық Опера және балет театрының директоры:

- Біздің елімізде тыныштық, бейбітшілік. Көпұлтты мемлекетпіз. Сондықтан біздің ұйып отырған бейбітшілігімізге, тыныштығымызға көп ел қызғана қарайды, қызыға қарайды. Сондықтан бүгін әр азамат өз даусын береді ғой деп ойлаймын.