Экологиялық құндылықтар Ата заң деңгейінде бекітілді
Конституцияға енгізілген жаңа өзгерістер елдің экологиялық бағытын айқындап берді. «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртай бұл реформаның қоршаған ортаны қорғауда құқықтық кепіл болатынын мәлімдеді.
Оның айтуынша, енді табиғатты қорғау нормаларын өндірістік топтардың мүддесі үшін өзгерту мүмкін емес. Өйткені экологиялық құндылықтар ата заң деңгейінде бекітілді. Партия төрағасы бұған дейін түйткілді мәселе бойынша 500-ден астам кездесу өткізілгенін айтты.
Азаматхан Әміртай, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- Біз үшін жаңа Конституция экологиялық, жасыл экономиканы дамытуға жаңа импульс береді. Себебі Конституцияның басты кіріспесінің ішіндегі 11 қағидаттың біреуі жоғарғы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. сонымен қатар басқа баптарда қоршаған ортаның тазалығы, адам денсаулығын қамтамасыз ету мәселелері бар.