Президент бу-газ қондырғысының құрылысын тездетуді тапсырды 

Президент Түркістанда салынып жатқан бу-газ қондырғысының құрылысын тездетуді тапсырды.

Бұл жұмыс созылып кеткенін айтып, Үкімет пен «Самұрық-Қазынаға» мәселені қатаң бақылауға алуды міндеттеді. Одан бөлек, аймақта түрлі өндіріс кәсіпорындары ашылып, жүздеген адам біртіндеп жұмыспен қамтылып жатқанын жеткізді. Мұның бәрі де – ел ішінде болып жатқан нақты жұмыстың көрінісі. Бұл тұрғыда Президент ұстанымы айқын. Аймақтар қуатты болса, мемлекет те мықты болады. Сондықтан өңірлердің экономикасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын жақсарту мемлекеттің басты назарында тұратын стратегиялық мақсат болып қала бермек деді Қасым-Жомарт Тоқаев.