Құрылтай партиялық тізімдер арқылы қалыптасады

Бір палаталы Парламент – Құрылтай партиялық тізімдер арқылы қалыптасады. Жаңа Конституция осылайша саяси жүйенің дамуына ықпал етеді. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлімдеді. 

Жалпы отырыстан соң Жоғары палата спикері журналистер сұрағына жауап берді. Жаңа саяси партиялардың құрылуына қатысты пікір білдірді. «Ел азаматтары қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды құруға ерікті. Ең бастысы, тиісті іс-қимылдарды мемлекеттің заңнамасына сай жүзеге асыру керек» , - деді ол. Қазақстанның ары қарай қарқынды дамуына ықпал етететін саяси күштердің маңыздылығын атап өтті.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы: 

- 1 шілдеге дейін Сенат және Мәжіліс жұмыс істей береді. Біз 6 конституциялық заңды қабылдау керекпіз. Президент туралы, Құрылтай туралы, сайлау туралы басқа да Заңдар бар. Осы арқылы Конституциядағы нормалар ары қарай ширатылады. Бұл енді үлкен жұмыс.