Ақордада Моңғолия Президентін қарсы алу рәсімі өтті
Ақордада Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Мемлекеттер басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырған болатын. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымағын нығайту әлеуеті талқыланбақ.