Мұрат Ергешбаев Мәжіліс депутаты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
Мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалуына байланысты депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тапсырды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл туралы шешім Мәжілістің пленарлық отырысында қаралып, депутаттар тарапынан қолдау тапты.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2026 жылғы 8 мамырдағы Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалған. Осыған байланысты ОСК оның Мәжілістегі өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс енгізді.
Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов депутаттың атқарған жұмысын атап өтіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.
Өз кезегінде Мұрат Ергешбаев Мемлекет басшысына көрсеткен сенімі үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметте жүктелген міндеттерді абыроймен атқаруға күш салатынын айтты. Сондай-ақ ол Мәжілістегі әріптестеріне бірлескен жұмысы үшін ризашылығын жеткізді.