Қостанай облысы әкімінің орынбасары болып Ербол Тасжүреков тағайындалды
Қостанай облысы әкімінің өкімімен Ербол Қуанышұлы Тасжүреков облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарған.
Ербол Тасжүреков 1979 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Экономист, заңгер, сондай-ақ мемлекеттік басқару және халықаралық қатынастар салаларында екі магистр дәрежесіне ие. Ол М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, Мемлекеттік басқару академиясын және Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін тәмамдаған.
Еңбек жолында жеке секторда, сот жүйесінде және мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда басшылық қызметтер атқарған.