Нотариустарға бақылау күшейеді: Мәжілісте заң жобасы қаралды

Фото: depositphotos.com

Парламент Мәжілісінде нотариат қызметін жетілдіруге бағытталған заң жобасы бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды «24KZ»

Құжат азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, нотариат жүйесін цифрландыруға және атқарушылық жазба рәсімін реттеуге бағытталған.

Негізгі өзгерістер:

•             нотариатқа мемлекеттік бақылау күшейтіледі;

•             қызметтерді онлайн форматта көрсету кеңейеді;

•             атқарушылық жазба тек борышкердің тіркелген жері бойынша рәсімделеді;

•             борышкерлерге SMS және eGov арқылы міндетті хабарлама жіберіледі;

•             микроқаржы ұйымдары мен жеке сот орындаушыларымен ықтимал байланыстарға шектеу қойылады;

•             заң бұзушылықтар үшін нотариустардың жауапкершілігі күшейтіледі.

Баяндаманы оқыған депутат Нұрсұлтан Байтілесов:

Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған, – деді.

Заң жобасы Мәжілісте бірінші оқылымда қаралып жатыр.