ЕАЭО – жаһандық экономиканың маңызды субъектісі

ЕАЭО – жай ғана өңірлік интеграциялық бірлестік емес, жаһандық экономиканың маңызды субъектісі. Бірлестіктің Астанадағы бесінші басқосуында мемлекет басшысы осылай деді.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономикалық ұйымды «кәсіби әрі нәтижелі диалог алаңы» деп атады. Әсіресе бүгінгідей алмағайып уақытта әлемдік алыс-берісте өз маңыздылығын көрсетіп отыр.

Бекнұр Сейтжанұлы, экономист:

- Геосаяси дағдарыста осындай жанжал болып тұрған уақытта, Ормуз бұғазында, Иранның жағдайы болғанда осындай геосаяси одақтар өте маңызды. Бұл жерде экономикалық жағынан және саяси жағынан да бұл маңызды. Сондықтан осындай стабилдік тұрғыдан тұрып келе жатқанымыз және осындай одақтың арқасы.