Президент: Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды
Соңғы бес жылда мемлекеттік органдарға шамамен 16 миллион өтініш келіп түскен.
2021 жылы елімізде Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. «е-Өтініш» онлайн платформасы іске қосылды, яғни азаматтардың өтініштерін мейлінше ашық әрі тиімді қарап, жедел шешім қабылдау тәсілі қалыптасты. Форумда сөз сөйлеген Мемлекет басшысы соңғы жылдары елдегі әкімшілік әділеттің жаңа үлгісі қалыптасқанын атап өтті. Осылайша «Халық пен билік өкілдерінің қарым-қатынасы мүлде жаңа сипатқа ие болды» деді Президент.