Сенат Төрағасы Қазақстан Президентінің реформалар бағдары аясында топтасуға шақырды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Әділетті Қазақстан құру жолында Президенттің реформалар бағыты төңірегіне топтасып, бірлік танытуға шақырды.

Бүгін өткен Бюро отырысында депутаттар Сенаттың жұмыс жоспарын талқылап, 11 маусымға жоспарланған Палата отырысының күн тәртібін айқындады. Сондай-ақ халықаралық келісімдер мен газ, энергетика, цифрландыру, көлік, жануарлар және орман шаруашылығы, ара шаруашылығына секілді бірнеше заң жобасын қарау енгізілді. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде ауқымды жаңғыртулар жүзеге асырылуда. Соның аясында жаңа Конституциямыз қабылданып, Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Басты мақсат – Тәуелсіздігімізді нығайту, мемлекеттілігімізді күшейту және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру. Көздеген мақсатқа жету үшін реформалардың жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілуін қамтамасыз етуіміз қажет. Бұл жолда ұлт болып ұйысып, елдік пен ауызбіршіліктің озық үлгісін көрсету айрықша мәнге ие. Сондықтан осындай тағдыршешті сәтте Мемлекет басшысының саяси бағдарының айналасында топтасу аса маңызды.