Аида Балаева мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Премьер-министрдің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
Әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында Аида Балаева кәсіби мереке - ел мен қоғам игілігі жолында аянбай еңбек етіп жүрген мемлекеттік қызметшілерге көрсетілетін құрмет пен ризашылықтың айқын белгісі екенін жеткізді. Өйткені олар заң мен тәртіп қағидаттарын орнықтыруда, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды роль атқаратынын, тиісінше мемлекеттік қызмет жоғары жауапкершілікті, терең білім мен кәсібилікті талап ететінін атап өтті. Мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы жүзеге асып жатқан реформалардың нәтижелілігіне, қоғамның билік институттарына деген сеніміне және еліміздің орнықты дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан олардың кәсіби біліктілігі, адал еңбегі мен жоғары азаматтық ұстанымы – еліміздің өркендеуіне қосылған маңызды үлес екенін де тілге тиек етті.