Елді мекендердің бас жоспары жергілікті бюджет есебінен әзірленеді

Елді мекендердің бас жоспары енді тек жергілікті бюджет қаражаты есебінен әзірленеді.

Бұл қатарға аумақтарды дамыту схемалары, егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары да кіреді. Өнеркәсіп және құрылыс министрінің тиісті бұйрығы 1 шілдеде күшіне енді. Қала құрылысы жобаларын әзірлеуге арналған техникалық тапсырма сәулет-қала құрылысы кеңесінің қарауына ұсынылады. Бекітілген құжаттар мемлекеттік қала құрылысы кадастрында есепке алынады. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың және халық саны 100 мыңнан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары Үкімет арқылы бекітіледі.