БҚО-да сайлауға қызу дайындық басталды
Батыс Қазақстан облысында Құрылтай сайлауына қызу дайындық басталды. Өңір бойынша 488 учаскеде 452 мың сайлаушы дауыс береді деп жоспарланып отыр.
Саяси партиялардың үгіт-насихат материалдарын орналастыруға 498 жеке конструкция бөлінді. Партия өкілдерінің сайлаушылармен кездесуіне 316 орын белгіленді. Учаскелік комиссия мүшелерінің 94,9 пайызы тәжірибелі мамандар - дейді жауаптылар. Комиссия құрамына жаңадан қосылған қызметкерлер, қысқа мерзімді оқу курсында біліктілігін жетілдірЕді. Сондай-ақ мүгедектігі бар жандар үшін учаскелерде қолайлы жағдай жасалады.
Әділ Жоламанов, БҚО аумақтық Сайлау комиссиясының төрағасы:
- Сайлау учаскесі орналасқан нысандардағы жаздағы жөндеу жұмыстарының толық аяқталуын қадағалап отырмыз. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейміз. Барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдар үшін сәйкесінше жағдайлар жасалған. Сайлау кезінде облыс бойынша 55 инватакси, қажетінше сурдо аудармашылар жұмыс істейтін болады.