Орал халқы жаңа Конституцияға зор үміт артады
Күшіне енген жаңа Конституциядан оралдықтардың күтері көп.
Жаңа Ата заңда неке институтын нығайтып, ата-ананың жауапкершілігін күшейтуге және бала құқығын қорғауға бағытталған бірқатар норма нақтыланған. Бұл өзгерістер отбасы институтын сақтап, оның құндылығын арттыруды, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды көздейді, дейді тұрғындар.
БЛИЦ
- Барлығымыз естіп жатырмыз, жаңа конституциялық нормалар отбасы құндылықтарын сақтауға көмектессе және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға көмегін тигізсе, олар қоғамға аса қажет деп ойлаймын.
- Жаңа Конституция бойынша ата-ана балаларын тәрбиелеуге, олардың денсаулығына, біліміне және де қамқорлауға міндетті. Ал кәмелеттік жасқа толған бала өз ата-анасын, еңбекке жарамсыз ата-анасын қамқорлауға және оларды күтуге міндетті.
- Жаңа реформалар нәтижесінде мемлекеттік және жеке меншік жоғарғы оқу орнының арасында бізде гранттар тең қағидамен бөлінеді. Ендігі талапкерлер ол бізде кез келген мемлекеттік грант арқылы кез келген жоғарғы оқу орнының арасында білім ала алады. Бұл бізде оқу саласын жоғары деңгейде арттырады.
- Мына сот жүйесінде де көптеген өзгерістер жүріп жатыр. Яғни, атап кетсек, мына адамның құқығы, бостандығы, бостандығын айғақтайтын, оның негізі болып табылатын бірден бір жүйесі болып табылады сот жүйесі. Сот жүйесінің шешімсіз, мына Конституцияның, жаңа Конституцияның негізінде адамдарды өз үйінен шығарып тастай алмайды және құқығынан айыра алмайды.