Қазақстандықтардың сайлауға қызығушылығы артуы мүмкін - Сарапшылар

Елдегі саяси ахуалға тұрғындардың пікірі сан алуан.

Қазақстан Қоғамдық даму институтының жүргізген зерттеулеріне сәйкес, азаматтардың 84 пайыздан астамы республикадағы саяси, әлеуметтік ахуалды «қолайлы әрі тұрақты» деп бағалайды. Ал респонденттердің 86,9 проценті Мемлекет басшысына сенеді. Бұл туралы бүгін «Сарап» эксперттік клубының отырысында айтылды. Жиында қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл күйі де сөз болды. Өзін өте жақсы сезінетіндердің үлесі 88,5 пайыға өсіп, ертеңгі күнге алаңдаушылық білдіретіндердің саны біршама азайған. Сондай-ақ сарапшылар алдын ала болжам бойынша азаматтардың сайлауға қызығушылығы артуы мүмкін, дейді.

Индира Рыстина, саясаттанушы:

- Сайлауға қатысу көлемі басқа сайлауларға қарағанда жоғарырақ болуы мүмкін. Себебі азаматтарға осы Құрылтайдың алғаш рет осындай форматта болуы халыққа қызықты болып, олар сайлауға келеді деп ойлаймыз. Бірақ бұл тұста тағы бір еске алатын жайты бар, ол сайлаудың жазғы кезде болып жатқанында сайлаушылардың сайлауға қатысуына әсер етуі мүмкін. Себебі азаматтардың көбі демалыста болуы мүмкін. 

Қазақстандықтардың саяси белсенділігі – қоғамның орнықты дамуына ықпал етеді. Әрбір азаматтың елдегі өзгерістерге бейберекет қарамай, өз ұстанымын нығайтуы – мемлекеттің өркендеуі жолында маңызды қадам болады, дейді сарапшылар.

Исатай Минуаров, әлеуметтанушы:

- Жарияланған зерттеулер нәтижесіне қарасақ, ел қай бағытта келе жатыр деген сұрақ бар әлеуметтанушылар ішінде. Сонда біз қарасақ, халықтың 70 пайыздан астам басым бөлігі «еліміз оң бағытта келе жатыр» дейді. Бұл да Құрылтайға қатысты соңғы елде жүргізілген әлеуметтік-саяси реформалардың нәтижесі деп білеміз.