Жетісу облысында комиссия мүшелері оқу курсынан өтіп жатыр

Құрылтай сайлауында Жетісу облысында 11 аумақтық және 468 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Өңірде 400 мыңнан астам сайлаушы бар.

Қазір ауыл-аймақта сайлауға қызу дайындық басталды. Сайлау комиссияларының мүшелері арнайы оқу курсынан өтіп жатыр. 15 шілдеден бері 3 мыңға жуық адам онлайн форматта оқиды. Сарқан ауданында 200-ден астам адам біліктілігін жетілдіріп, сайлау күні 35 учаскеде жұмыс істейді.

Мұратбек Естеуов, Сарқан аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Жоғарыда аталған 35 комиссияның мүшелері 211 адам. Сол 211 адамды біз шілденің 15-ші жұлдызынан бастап оқыту-дайындау жұмыстарын жүргіземіз. Олар электрондық форматта және орталық облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерімен қатысқан семинар жиындарында өткізіледі.