Жаңа Конституцияның толық мәтіні аудио және бейне форматтарда қолжетімді

Жаңа Конституцияның толық мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде аудио және бейне форматта шықты.

Сондай-ақ Конституционалық Соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жаңартылған заңның толық бейненұсқасы жарияланды. Жоба азаматтардың Ата Заңға қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудиоформат көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ ақпаратты тыңдау арқылы қабылдауды қалайтын азаматтар үшін өте ыңғайлы болмақ.