«Байтақ» партиясының сайлауалды штабы жұмысқа кірісті
«Байтақ» партиясы республикалық сайлауалды штабтың жұмысын бастады. Құрылтай сайлауына қатысатын жасылдар ұйымы, өңірлік штабтардың жұмысын үйлестіруге кірісті.
Жиында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының басым бағыттары нақтыланып, аймақтағы іс-шаралардың кестесі бекітілді. Сонымен қатар республикалық штаб пен өңірлік ұйымдар арасындағы міндеттер мен жауапкершілік нақты бөлінді. «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтай депутаттарының сайлауына 47 кандидаттан тұратын партиялық тізім ұсынды. Партиялық тізімдегі 18 кандидат әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатына жатады. Олардың үлесі 38,3%-ды құрап, заңда белгіленген квота сақталған.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- 10 мыңға жуық халықпен кездесулер өткіземіз. Барлық желі графиктерін жинадық. Енді сол жерде көрсетілген шаралардың өтуін бақылаймыз. Олар біріншіден, заңға сәйкес өту керек. Құқықтық көмек керек болса, орталық штаб көмек көрсетеді.